Мемлекет басшысының «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ Басқарма төрағасы Ахметқала Медеуді қабылдағаны туралы Ақорда сайты хабарлады.
«Қасым-Жомарт Тоқаевқа ғылыми орталықтың негізгі бағыттары мен оны дамытудың басымдықтары жайында баяндалды», - деп хабарлайды ресми ресурс.
Сондай-ақ, Ахметқал Медеудің Президентке институттың су қауіпсіздігін, табиғи қатерлерді, экология мен картография бағыттарындағы зерттеу жұмыстары туралы мәлімет бергені айтылған.
«Мемлекет басшысы Арал теңізі, Сырдария және Жайық өзендері, сондай-ақ, басқа да бірқатар су қоймаларына қатысты проблемаларды шешу жолында су қауіпсіздігін зерттеу мәселесінің маңызды екенін айтты», - деп атап өтті akorda.kz.
Антон Сергеев
Фото: akorda.kz