ЖАҢАЛЫҚТАР

«Байқоңыр» ғарыш айлағындағы туризм Канаверал мүйісіндегі ғарыштық туризмді ілгерілету үлгісінде дамитын болады

АҚШ-тағы Флорида штатының Канаверал мүйісіндегі ғарыштық туризмнің дамуы үлгісінде «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы туристтік әлеуетті одан әрі дамыту мақсатында «Байқоңыр» ойын-сауық туристік аймағын құру Тұжырымдамасы әзірленді. «Байқоңыр» ойын-сауықтық туристік аймағының тұжырымдамасына сәйкес Сауда орталығы, әлемдік стандарттарға сәйкес 4 және 5 жұлдызды қонақ үйлер, ұлттық тағамдар мейрамханасы, 500 орынға арналған концерттік зал, кинотеатр, боулинг, бильярд, әртүрлі техникалық арнайы эффектілері бар ғарыштық аттракциондар, зымырандардың ұшырылуын бақылауға арналған қарау алаңдары, аквапарк, отбасылық демалыс саябағы, ұлттық кәдесый өнімдерінің дүкендері, этноауыл және зымырандық-ғарыштық техникасының ашық экспозициясы қамтылады. Қазіргі таңда Қармақшы ауданы аумағында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автомагистралінің 1579 шақырымында жер учаскесі анықталып, рәсімделді.