Павлодар облысында жол қызметтері тас жол мен оларға қызмет көрсететін техниканы қысқа дайындауда.Бұл шара өңірді қар басқан кезеңде саяхат қауіпсіз болады және туристердің Ертіс өңірінің осы бөлігі бойынша қызықты сапарларына ештеңе де кедергі келтірмейді деген үміт ұялатады.
«Автожолдарды қыста күтіп ұстау үшін тиісті іс-шаралар әзірленді. Бүгінде 16 өндірістік база, сегіз қазандық, он бір жылыту пункті, химиялық реагенттерді сақтауға арналған он қойма жұмысқа дайындалды, бұл олардың жүз пайыздық дайындығын құрайды», – деп хабарлады «ҚазАвтоЖол»ҰК» АҚ Павлодар филиалы.
Компанияның ақпараты бойынша, қазірдің өзінде 8 311 тонна тайғаққа қарсы материал, 2 457 тонна көмір, 55,5 мың тонна жанар-жағармай материалдары, 1 220 қардан қорғайтын қалқан дайындалған. Рас, одан да көп дайындау керек. Мысалы, жоспар бойынша көктайғаққа қарсы материал 18 102 тонна болуы тиіс, яғни әзірге оның 70 пайызы бар, ал алдағы қыс үшін ЖЖМ қазіргіден екі есе көп болуы тиіс. Жанар-жағар май материалдарынан қажетті мөлшерде тек көмір ғана дайындалды, ал бензин, дизель отыны, құм (еленген), кальций, хлор және тұз – әзірге жоспардың тек жартысы ғана орындалды.
«Сондай – ақ, қыста ұстау үшін 236 жол белгісі орнатылды», - деп толықтырды «ҚазАвтоЖол»ҰК» АҚ Павлодар филиалындағы статистиктер.
Павлодар облысындағы жолдардың жағдайы мен қауіпсіздігін Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының облыстық филиалы қамданды. Мекемеде 2020 жылы өңірде жеті көлік айрығы, бір жол өтпесі және «Ертіс – Қарағанды» каналы арқылы өтетін екі көпірі бар 99 шақырым жол пайдалануға берілгенін айтты.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Павлодар филиалында жолдарды қыста ұстау үшін 79 бірлік техника бар, оның ішінде: тоғыз шнекоротор, 25 құрама жол машинасы, 13 автогрейдер, 20 трактор, екі бульдозер және төрт жүк тиегіш. «Қазақавтожол» ЖШС орталық аппараты облысқа қосымша сегіз бірлік қысқы техниканы беруді жоспарлап отыр, оның ішінде үш құрамдастырылған жол машиналары, екі тиегіш, екі автогрейдер. Бір МТЗ тракторы пайдалануға берілді», - деп атап өтті ақпарат көзі.
Сондықтан компанияның бағалауы бойынша Павлодар облысының жолдарына қысқы техниканың нақты дайындығы 92 пайызды құрайды. Оның барлығы жергілікті тұрғындар мен әр түрлі бағытта жүретін саяхатшылардың қауіпсіздігі үшін аймақтың жолдарына қызмет етеді.