ЖАҢАЛЫҚТАР

Көру және ғашық болу!

2020-07-03 22:38
БІРІНШІ БӨЛІМ
Қазақстандағы ең ұзын жағалауды көру үшін cізге міндетті түрде Павлодарға бару керек. 2019 жылы оның ұзындығы алты шақырымға жетті! Бұл жердегі  Ертіс жағалауының қызыққа толы болғаны соншалықты, демалысты тарихи орындар мен көрікті жерлермен танысуға, суға шомылуға немесе балық аулауға, катерде немесе теплоходта серуендеуге, тәтті жеуге немесе кофе ішуге, музыка немесе биден лаззат алуға, кез келген көңіл қалаған іске арнап өткізуге болады.


Ертіс өзенінің Павлодарлық жағалауы бойынша серуенді өзен вокзалынан бастауға болады. Жақында мұнда тұз шығарушыларға арналған ескерткіш пайда болды, олардың еңбегінің арқасында өңірде 16 ғасырда тұз өнеркәсібі өркендей бастады, онымен бірге елді мекендер, соның ішінде қалаға жаңа леп берген Коряковский елді мекені дамыды.



Павлодар жағалауы мен өзен вокзалы – бұл туристер мен қала тұрғындары отбасыларымен бірге демалатын, кейде балаларды қорықпай жалғыз қалдыруға болатын орын. Мұнда ұл-қыздар скейтбордтарда немесе роликті конькилерде сырғанайды, бір жақсысы, тегіс жол оған мүмкіндік береді.


Павлодарлық жолаушы кеме қатынасының дәл ортасында жүріп, «Қазақстан», «Екібастұз» теплоходтарында серуендемеу немесе кез келген басқа кемені, мысалы катерді немесе қайықты жалға алмау күнә. Теплоход қызметінің бағасы айтарлықтай қолжетімді. Кейбірі адамдарды бір бағыт бойынша тасымалдайды (соңғы рейс – 22.00-де), ал кейбірін қаражатқа байланысты белгілі бір уақытқа жалға алуға болады.


Сондай-ақ, жағалауға өзіңізбен бірге қармақ алып баруға болады (тек уылдырық шашатын кезеңде емес!). Бап пен баққа байланысты, балықшылар мұнда әр түрлі салмақтағы шабақ, сазан, тұқы, кейде түрлі заттарды аулайды, сондықтан Павлодар жағалауынан тек өзен мен мереке ғана емес, балық аулау мен тыныштық сезіледі.

Антон Сергеев
Фото автордыкі