ЖАҢАЛЫҚТАР

Ата-бабаларымыз осылай өмір сүрген

Бай көпес қазақтың үйі қандай болды, кубеляка деген не және грузин ақыны Шота Руставелидің ескерткішін қайдан көруге болады? Әрине, Өскеменде 10 жыл бойы қонақтарын қарсы алып жүрген этноауылда. Бір ерекшелігі, бір көшеде Шығыс Қазақстанда өмір сүретін түрлі этнос өкілдерінің үйлері көршілес орналасқан.

Кіре берісте сіздерді айтарлықтай ерекше архитектураға ие осындай үйлер қарсы алады. Жо-жоқ, қорықпаңыз! Бұл хоббиттер мекені емес, қолөнершілер шеберханасы. Мұнда тоқылған ыдыстар мен зергерлік бұйымдар алуға болады.



Этноауыл Кавказ халықтарының ең экзотикалық құрылыстарынан басталады. Шешен мұнарасы, армян үйі қарапайым тастардан жасалған. Мұндай үйлер өте берік болып келеді, суыққа да, ыстыққа да төзімді. Грузин үйінің маңында тіпті «Жолбарыс терісіндегі Витязь» шығармасының танымал авторына қойылған ескерткіш орналасқан.




Ертіс өңірінің қазақтары да өз үйлерін тастан қалаған. Бұл үйдің іргетасы болмады және киіз үйге өте ұқсас болды. Ал бұл бай көпес қазақтың үйі. Үй-жайдың асып-тасып тұрғаны көрінеді, ал аулада ат әбзелдерінің мол жинағы мен ауыл шаруашылық құралдары бар.



Жеке өзіме бай шаруа-діндардың үйі ұнайды. Ескі сенушілер көршілерімен сөйлеспесе де, қашықтық сақтаса да, мықты өмір сүрді. Тұрғын үйдің барлығы ағаш шілтермен және түрлі-түсті бояулармен боялған. Тіпті кішкентай балкон болды, ол жерде жанұясы кешке самаурыннан шай ішкенді жақсы көрді.




Пандемияға байланысты келушілер саны күрт төмендеді. Бұрын ұлттық-мәдени орталықтардың өкілдері демалыс күндері аспаздық шеберлік сабақтарын өткізетін. Демалушылар бешбармақ, құймақтар, палау немесе бүгінгі күні өте экзотикалық бәліш -кулебякадан дәм тата алды. Ал карантин алынып тасталғанға дейін, әдемі үйлерге таңданып, ата-әжелеріміз қалай өмір сүргенін еске алу ғана қалды.





Қалай жетуге болады?
Этноауыл Ертістің сол жақ жағалауында орналасқан. Мұнда 14, 17, 24, 26, 43, 46, 54, 246, 262 автобустарымен жетуге болады. Кіру тегін.


Автор: Дмитрий Крюкович
Фото: Ермек Иманғазинов, Сергей Суров