ЖАҢАЛЫҚТАР

Баянауыл демалыс аймағына инвестор іздестірілуде

2020 жылы Павлодар облысының билігі коронавирус инфекциясының пандемиясына байланысты карантиндік шектеу шараларының салдарынан Баянауыл демалыс аймағы ке келушілер саны бойынша туризмнен жоспарланған нәтиже ала алмады. Дегенмен, уақыт босқа кетпеді, туризм нысандары салынды. Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Орталық коммуникациялар қызметіндегі журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып айтты.

«Биыл туристердің басым бөлігі демалатын Жасыбай көлінде демалыс орнына, визит-орталыққа, барлық демалыс инфрақұрылымдарына жағдай жасап, қажетті туристік инфрақұрылымды жүзеге асырдық. Бірақ бұл ұзақ мерзімді бағдарлама екені түсінікті, – деп мәлімдеді Павлодар облысының әкімі А.Сқақов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында. «Біз Баянауылда кешенді туризмді дамыту үшін, туристік мәдениеттің өсуі үшін тиісті инфрақұрылымы бар қонақ үй сала алатын стратегиялық инвестор қажет екенін көріп отырмыз және бұл туристер мен онда туристік қызмет көрсететін бизнес субъектілері үшін тартымды орталық болар еді».

Сондай-ақ, өңір басшысы облыс билігі су, сакралды және экотуризмді дамыту бойынша үлкен әлеуетті көріп отырғандығын, Баянауылға адамдар ыстық кезінде ғана емес, кез-келген жайлы ауа-райында бара алатындай жасауға болатынын атап өтті, өйткені аталмыш демалыс аймағында оған мүмкіндіктер бар.

«Сонымен қатар, бізге туристік маусымның мерзімін ұзарту қажет, – деп атап өтті А.Сқақов. - Мысалы, шаңғы-роллер базасын салуға мүмкіндік бар. Үлкен салым қажет емес, табиғаттың өзі спорттық, жаттығу жиындарын өткізуге мүмкіндік береді».

Антон Сергеев