ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұзақ үзілістен кейін бірқатар мәдени нысандар елорда тұрғындары мен қонақтарына есігін айқара ашты

Елордада шектеулі карантиндік шараларды кезең-кезеңімен жеңілдету процесі басталды.
Күн сайын, дүйсенбіден басқа, сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін. Сәкен Сейфуллин мұражайының экспозициялары, Тәуелсіздік сарайы және «Мәңгілік Ел» Салтанат қақпасы галереясы елорда тұрғындары мен қонақтары үшін ашық, - деп хабарлады «Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

«Астана-Бәйтерек» монументі келушілерді сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін, ал «Атамекен» Қазақстан картасы» Этно-мемориалдық кешені сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін күтеді.

Сенбі мен жексенбіден басқа, күнделікті сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін қалалық кітапханалардың кітап залдары өз оқырмандарын қабылдайды.

Сонымен қатар кітапханаларда кітап беру, көрмелерге келушілерді қабылдау белгіленген тұрақты жұмыс режимінде күшейтілген санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық шараларды сақтай отырып жүзеге асырылады.

Қазіргі таңда қала театрларында, астаналық филармония мен циркте 30-дан аспайтын адамның қатысуымен жеке және топтық жаттығулар қайта басталды.