Бұған дейін «Павлодар қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ Благовещенск кафедралды соборының аумағында саябақ аймағын орналастыру бойынша эскиздік ұсыныс әзірлеген болатын. Эскиздік ұсынысқа сәйкес балалар және спорт алаңдарын жайластыру, собор аумағындағы брусчатка жабынын қалпына келтіру, шағын сәулет нысандарын (орындықтар, урналар, жарықтандыру шамдары) орнату қарастырылған», – деп хабарлады Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманслям өзінің инстаграмдағы парақшасында.
Қала басшысы 2021 жылы эскиздік ұсынысқа сәйкес абаттандыру жұмыстарын жүргізу мүмкіндігін қарастыру туралы тапсырма бергенін жазды.
«Благовещенск кафедралды соборы аумағындағы саябақ тек собордың приходшылары үшін ғана емес, жақын маңдағы шағын аудан тұрғындары үшін де сүйікті демалыс орнына айналады деп санаймын», – деп толықтырды Е.Иманслям.
Сондай-ақ, облыс орталығының әкімі Павлодар қаласының дін өкілдерімен Рухани Келісім Күнін мерекелеу аясында кездесіп, түрлі конфессиялар мен ұлттар өкілдері арасында ортақ өзара іс-қимыл, бейбітшілік пен келісімді сақтау мәселелерін талқылағанын атап өтті. Сол кездесу аясында ол қаладағы әрбір діни ғимаратқа барып, олардың өкілдерімен кездеседі деп уәде берді.
«Жақында Мен Благовещенск кафедралды соборында болып, Павлодар және Екібастұз епархиясының епископы В.А.Сафоновпен кездестім, халық жүргізіп жатқан жұмыстармен таныстым. Біз собор аумағын абаттандыру жоспарларын бірге талқыладық», - деп атап өтті Ержан Иманслям.
Қалай жетуге болады? Благовещенск кафедралды соборы Химгородка шағын ауданында, Ертіс өзенінің жағасында орналасқан. Станциядан оған 9, 16, 38, 44, 153 микроавтобустары, ал қала орталығынан 2, 18, 21, 22, 27 автобустары барады.
Антон Сергеев
Фото Павлодар әкімі Е. Иманслямның инстаграм парақшасынан алынды